Қоғам

Министр Ғиният карантин қандай жағдайда 7 күннен кейін аяқталатынын айтты

© AFP 2024 / NATALIA KOLESNIKOVAМедик проводит экспресс-тест на коронавирус
Медик проводит экспресс-тест на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Жазылу
Вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастардың 7 тәуліктен кейін тапсырған ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетсе, әрі қарай карантинде отырмайды
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі  "омикрон" штамының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескеріп, карантин мен Ashyq-тағы статустың өзгеру мерзімін қайта қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды.
"Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәуліктен кейін ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин қосымша тест тапсырусыз 10-шы күні аяқталады", - деп түсіндірді Ғиният үкімет отырысында.
Айтуынша, бұл өлшемшарттар бас мемлекеттік санитар дәрігердің шектеу шаралары, жұмыс ережелері мен Ashyq-тағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты.
Оқи отырыңыз: Облыстардың бірінде коронавирус жұқтырғандар саны 53 есе өсті – министр 
Жаңалықтар
0