https://sputnik.kz/20220120/Kolik-ort-kredit-19185432.html
Көлігі өртенген қазақстандықтар кредитін әрі қарай төлеуі керек пе
Көлігі өртенген қазақстандықтар кредитін әрі қарай төлеуі керек пе
Sputnik Қазақстан
соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі 20.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-20T17:12+0500
2022-01-20T17:12+0500
2022-05-23T15:32+0500
көлік
кредит
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19065453_0:276:3073:2004_1920x0_80_0_0_726781ff5e97cfb67d045720ced214a3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жаппай тәртіпсіздік кезінде автокөлігі өртенген қазақстандықтар не істеуі керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер агенттік өкілінен тәртіпсіздіктер кезінде кредитке алған автокөлігі өртенген азаматтар не істеуі керек деп сұрады."Кредитке сатып алынған барлық автокөлік сақтандырылған. Әр келісімшартты жеке-жеке қарастыру қажет: төлемді жүзеге асыру үшін қандай негіздеме, ерекшелік бар, зерделеу керек. Сол себепті агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандыру жағдайы туындаған, бекітілген барлық сақтандыру полюсі бойынша төлемді іске асыру үшін түбегейлі шаралар қабылдайды", - деді ол.Терентьевтің айтуынша, егер банк төлем жасамаса, сақтандырылған әр қазақстандық сақтандыру омбудсменіне, сондай-ақ қаржылық қадағалау агенттігіне жүгіне алады. Олар әр азаматтың өтінішін қарайды.Айта кетері, соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі.Оқи отырыңыз: Тәртіпсіздіктен зардап шеккендер кредит төлеу мерзімін шегере алады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19065453_17:0:2748:2048_1920x0_80_0_0_77ee8aa4a64fb5c2956327bc97580a34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, кредит
Көлігі өртенген қазақстандықтар кредитін әрі қарай төлеуі керек пе
17:12 20.01.2022 (жаңартылды: 15:32 23.05.2022) соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жаппай тәртіпсіздік кезінде автокөлігі өртенген қазақстандықтар не істеуі керектігін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер агенттік өкілінен тәртіпсіздіктер кезінде кредитке алған автокөлігі өртенген азаматтар не істеуі керек деп сұрады.
"Кредитке сатып алынған барлық автокөлік сақтандырылған. Әр келісімшартты жеке-жеке қарастыру қажет: төлемді жүзеге асыру үшін қандай негіздеме, ерекшелік бар, зерделеу керек. Сол себепті агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандыру жағдайы туындаған, бекітілген барлық сақтандыру полюсі бойынша төлемді іске асыру үшін түбегейлі шаралар қабылдайды", - деді ол.
Терентьевтің айтуынша, егер банк төлем жасамаса, сақтандырылған әр қазақстандық сақтандыру омбудсменіне, сондай-ақ қаржылық қадағалау агенттігіне жүгіне алады. Олар әр азаматтың өтінішін қарайды.
Айта кетері, соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі.