Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті кешіріледі

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает деньги
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіретінін мәлімдеген еді
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қаңтар айының басында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиттері кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің кредиті есептен шығарылады. Сондай-ақ, тәртіпсіздік кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті де кешіріледі. Қазіргі таңда агенттік бұл бағытта жұмыс жүргзіп жатыр", - деді Терентьев брифингте.
Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіретінін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ, қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасына баспана беріледі. Бұған қоса, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғаушылардың балаларына білім гранты ұсынылады.
Жаңалықтар
0