Қоғам

Белгілі қазақ актері дүниеден озды

© Photo : Kazakhfilmstudios.kz/facebookТолеубек Аралбай
Толеубек Аралбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Төлеубек Аралбай "Шоқан Уәлиханов", "Қыз жылаған", "Мұстафа Шоқай", "Рэкетир", "Ликвидатор", "Жаужүрек мың бала" сынды көптеген фильмге түсті
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай дүниеден озды, деп хабарлады Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі.
Төлеубек Мұхамеджанұлы –  ұлттық кино өнерінің дамуына өзіндік үлес қосқан дарынды актер.
Ол әр жылдары түсірілген "Айдаһар жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қыз жылаған", "Мұстафа Шоқай", "Рэкетир", "Ликвидатор", "Жаужүрек мың бала" сынды көптеген фильмге түскен.
2018 жылы Төлеубек Аралбай "Біздің қаланың ханзадасы" фильміндегі рөлі үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізілген кинофестивальде "Үздік актер" жүлдесімен марапатталды. "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері.
"Қазақфильм" АҚ басшылығы мен ұжымы актердің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Оқи отырыңыз: Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды 
Жаңалықтар
0