Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Көпбалалы әйел Алматыдағы бүлік кезінде жаралы сарбаздарды қалай құтқарғанын айтты

© Sputnik / Эдуард ГалеевӨртенген бұрынғы президент резиденциясының ғимараты
Өртенген бұрынғы президент резиденциясының ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Көпбалалы ана ғимараттан сегіз сарбаз бен бейбіт тұрғындарды алып шыққан, сонымен қатар 40 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Алматының көпбалалы тұрғыны жаппай тәртіпсіздіктер кезінде сарбаздарға содырлармен күресуге қалай көмектескенін айтып берді. Бибінұр Шерәлиева террористер басып алған резиденциядан сегіз жаралы сарбаз бен бейбіт тұрғындарды алып шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.
Бибінұр – Rahym қоғамдық қорының жетекшісі. Бесінші қаңтарда әйел жүргізуші және еріктілермен бірге бүлік басталған маңда жүрген. Қауіп-қатерге қарамастан, ол жаралыларды алып шығу үшін қылмыскерлермен келіссөз жүргізді.
"Айла-қулыққа көшіп, ішке кірдім. Ұлымды іздеп жүргендей, дәрігер екенімді, мына адамдарды алып кетуім керек деп айғайладым. Аузыма не түссе, соны айттым. Менің міндетім қалай да болсын зардап шеккендерді алып шығу еді", - деп еске алды Бибінұр.
Көпбалалы ана мен жүргізуші Рысьек содырлар басып алған ғиимараттан сегіз жаралыны шығарып, №12 қалалық ауруханаға апарған. Ерікті қыздармен бірге 40 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Оқи отырыңыз: "Тас атып, темірмен ұрды": сарбаздар бүлік кезінде не болғанын айтып берді – видео
Бибінұр мұқтаж жандарға еріктілермен бірге әлі күнге дейін қолғабыс етеді. Қоғамдық қор мүшелері қазір қаланың барлық шұғыл қызметіне ыстық тамақ жеткізеді. 6 қаңтардан бүгінге дейін ұйым 20 мың порция ыстық тамақ тасыған.
"Әртүрлі тамақ пісіреміз: дапанджи, палау, қуырдақ, тіпті тауық сорпасы бар. Дәл қазір гриль қойғалы жатырмыз. Сосын әскерилер бізден тәтті сұраған. Біз ірімшіктен бәліш пісірдік. Арамызда жұмыс істейтін еріктілер де бар, бірақ бос уақытында осында көмектесуге келеді",- дейді ерікті Әсия Исаева.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Ең қатты Алматы қаласы зардап шекті.
Жаңалықтар
0