https://sputnik.kz/20220119/askeriler-bulik-video-19170976.html
"Тас атып, темірмен ұрды": сарбаздар бүлік кезінде не болғанын айтып берді – видео
"Тас атып, темірмен ұрды": сарбаздар бүлік кезінде не болғанын айтып берді – видео
Sputnik Қазақстан
Алматыда Ұлттық ұланның 209 сарбазы зардап шеккен. Содырлар оларды қолына түскен тас, таяқ, темір сынды ауыр заттармен ұрған 19.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-19T08:10+0500
2022-01-19T08:10+0500
2022-05-23T16:02+0500
алматы
тәртіпсіздік
әскерилер
видео
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094500_0:6:3073:1734_1920x0_80_0_0_de9679a2a5cd92aeac76af734c940c17.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1300-ге жуық адам зардап шеккен. Оның 209-ы Ұлттық ұланның сарбазы.Көбіне басынан соққы алып, аяқ-қолы сынған әскерилердің қазір 30-ға жуығы ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.Бүлік басталған күні Диас Сапаралы да әскерилермен бірге оларға тосқауыл болуы үшін алаңға шығады. Лаңкестерді тоқтату үшін Ұлттық ұлан сержанты екі күн бойы үйдің бетін көрмеген.Бір мезетте содырлардың қоршауында қалып, аяусыз соққының астында қалған. "Тастар жан-жақтан ұшып жатты. Тура жанымда тұрған тағы да бір сарбазға тиген кезде ол құлады. Сол кезде оны құтқарамын дегенде маған да тас тиді. Үстіме бір топ адам мініп алып, жан-жақтан темірмен, ағашпен ұра бастады. Басымды көлегейлеуге тырыстым", - дейді Ұлттық ұланның сержанты Диас Сапаралы.Алматыда Ұлттық ұланның 209 сарбазы зардап шеккен. Содырлар оларды қолына түскен тас, таяқ, темір сынды ауыр заттармен ұрған. "Жан-жақтан тас пен неше түрлі заттар лақтырды. Топ болып келіп шабуыл жасады. Қол сынды, бас жарылды", - дейді Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері Ерсұлтан Өксікбаев.Ұлттық ұланның 7552 әскери бөлімінің медицина қызметінің басшысы Марат Айтбаевтың айтуынша, сарбаздардың көбі бас жарақатын алған, қолы-аяғы сынып, оқ тигендер де болды. Қазіргі таңда 23 жаралы бар. Жағдайлары қалыпты, дейді ол.Оқи отырыңыз: Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы қаза болды
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094500_125:0:2856:2048_1920x0_80_0_0_84505ef1d2c92ba25562de5a3fd1df91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәртіпсіздік, әскерилер
алматы, тәртіпсіздік, әскерилер
"Тас атып, темірмен ұрды": сарбаздар бүлік кезінде не болғанын айтып берді – видео
08:10 19.01.2022 (жаңартылды: 16:02 23.05.2022) Алматыда Ұлттық ұланның 209 сарбазы зардап шеккен. Содырлар оларды қолына түскен тас, таяқ, темір сынды ауыр заттармен ұрған
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1300-ге жуық адам зардап шеккен. Оның 209-ы Ұлттық ұланның сарбазы.
Көбіне басынан соққы алып, аяқ-қолы сынған әскерилердің қазір 30-ға жуығы ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлады
"Астана" арнасы.
Бүлік басталған күні Диас Сапаралы да әскерилермен бірге оларға тосқауыл болуы үшін алаңға шығады. Лаңкестерді тоқтату үшін Ұлттық ұлан сержанты екі күн бойы үйдің бетін көрмеген.
Бір мезетте содырлардың қоршауында қалып, аяусыз соққының астында қалған.
"Тастар жан-жақтан ұшып жатты. Тура жанымда тұрған тағы да бір сарбазға тиген кезде ол құлады. Сол кезде оны құтқарамын дегенде маған да тас тиді. Үстіме бір топ адам мініп алып, жан-жақтан темірмен, ағашпен ұра бастады. Басымды көлегейлеуге тырыстым", - дейді Ұлттық ұланның сержанты Диас Сапаралы.
Алматыда Ұлттық ұланның 209 сарбазы зардап шеккен. Содырлар оларды қолына түскен тас, таяқ, темір сынды ауыр заттармен ұрған.
"Жан-жақтан тас пен неше түрлі заттар лақтырды. Топ болып келіп шабуыл жасады. Қол сынды, бас жарылды", - дейді Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері Ерсұлтан Өксікбаев.
Ұлттық ұланның 7552 әскери бөлімінің медицина қызметінің басшысы Марат Айтбаевтың айтуынша, сарбаздардың көбі бас жарақатын алған, қолы-аяғы сынып, оқ тигендер де болды. Қазіргі таңда 23 жаралы бар. Жағдайлары қалыпты, дейді ол.
Оқи отырыңыз: Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы қаза болды