Қоғам

Тәртіпсіздік кезінде жоғалған қызметтік ит иесімен қауышты

© Sputnik / Тимур БатыршинСлужебно-розыскной пес Атос
Служебно-розыскной пес Атос - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
"Найтс" жедел уәкілдердің кабинетінде тыныш отырып серіктесін күткен
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде сарбаздың қызметтік иті ұрланды.
Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұлан сарбазы Рүстембек Байхарашев жараланып, "Найтс" деген қызметтік итінен көз жазып қалды.
"Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды, сол кезде әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған қызметтік итімді алып кетті. Есімді жиған кезде қылмыскерді суреттеп беруге күш таптым. Оны бүгін қамауға алды. Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын", - деді Рүстембек.
Иесі мен қызметтік иті полиция бөлімшесінде қайта қауышты. Полицияның хабарлауынша, "Найтс" жедел уәкілдердің кабинетінде тыныш отырып серіктесін күткен.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында қалаға жақын жерде жаппай тәртіпсіздіктің белсенді қатысушысы – 1989 жылы туған А.есімді азамат ұсталды. Ит байланып, аумақты күзетіп тұрған. Қазір ұсталған азаматтың қайғылы оқиғалар кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді  Әуезов ауданы полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
Кинолог-сарбаздың Найтспен бірге қызметте жүргеніне бір жылдай болған. Оның айтуынша, ит өте ақылды, мейірімді және айтқанды тыңдайды.
Оқи отырыңыз: Кинология орталығында қызметтік иттерді қалай дайындайды – видео
 
Жаңалықтар
0