14:39 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2568 0 0

Ол Райымбек даңғылында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаман ықшам ауданында тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызбай ауданы полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жігіт Райымбек даңғылы бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінді.

Жәбірленуші тонау әрекеті келтірген шығынды 2 миллион теңге деп бағалаған. Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты. Заттай айғақтар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Бұл бап бойынша 1 000 АЕК-ке (3 063 000) дейінгі мөлшерде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не мүлкі тәркіленіп немесе мүлкін тәркілемей, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Загрузка...

Басты тақырып