Қоғам

Алматыда метро 17 қаңтардан бастап қайта іске қосылады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Готовность к запуску двух новых станций метро в Алматы превысила 95 процентов
Готовность к запуску двух новых станций метро в Алматы превысила 95 процентов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2022
Жазылу
Сонымен қатар 17 қаңтардан бастап қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартылады
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда метро 17 қаңтардан бастап қайта іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаланың мобильділік басқармасының хабарлауынша, метрополитен 17 қаңтардан бастап сағат таңғы 07:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
Пойыздардың қозғалыс интервалы адам көп қатынайтын уақытта 10 минут, басқа уақытта 13 минутты құрайды.
Сонымен қатар 17 қаңтардан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде троллейбустар мен қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін ұзартылады.
Осылайша, қалалық маршруттар сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін,  қала маңы маршруттары сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0