Қоғам

ҰҚК Алматы облысындағы лаңкестікке қарсы операция туралы айтты

© Photo : Официальный сайт КНБ КазахстанаЗадержаны по подозрению в участии в антиобщественных акциях двое граждан Казахстана
Задержаны по подозрению в участии в антиобщественных акциях двое граждан Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2022
Жазылу
Ұсталғандардан ондаған атыс қаруы, ірі көлемде ақша, ұялы телефондар тәркіленді  
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында контртеррористік операция жалғасып жатыр, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
© Photo : Официальный сайт КНБ КазахстанаҰсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Задержаны по подозрению в участии в антиобщественных акциях двое граждан Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Шекара қызметінің Алматы облысындағы департаменті 5 мен 6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан қоғамға қайшы акцияларға қатысты деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын қолға түсірді. Олардан діни әдебиеттер табылды, қазіргі уақытта ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Үлкен Алматы көлінің маңында "Тойота" маркалы автокөлігін мінген құжаты жоқ 5 азамат ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында: 7 оғы бар 12 калибрлі винчестер, 1 оғы бар травматикалық тапанша, қан жұққан пышақ және 600 000 теңге ақшалай қаражат табылды. Олардың Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды.
Сондай-ақ Кіші Дехан елді мекенінде Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 19 адам анықталды.  
© Photo : Официальный сайт КНБ КазахстанаАлматы облысында лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр
Задержаны по подозрению в участии в антиобщественных акциях двое граждан Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Алматы облысында лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр
7 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері Қарулы күштер бөлімшелерімен бірлесіп, Алматы және Талдықорған қалаларындағы қоғамға қарсы акцияларға қатысы болуы мүмкін 184, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғау заңнамасын  бұзған 41 адамды ұстады. 13 бірлік атыс қаруы, 185 бірлік оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша қаражаты және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. Ұрланған 1 автокөлік ұсталды.
13 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 26 азаматы, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтағаны үшін  5 адам анықталып, ұсталды. 6 бірлік атыс қаруы тәркіленді.
Жаңалықтар
0