13:41 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Терроризмге қарсы арнайы операция (136)
122 0 0

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, кейбір адамдардың жазасын жеңілдету үшін шара қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға жаппай тәртіпсіздіктер кезінде, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ұсталған адамдарға қатысты бірқатар тапсырма берді.

"Қасіретті қаңтар" оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

Бұған дейін Алматы комендатурасы қалада тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандар саны 2 мыңнан асқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: "Алматы трагедиясы": Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Алматының құқыққорғаушылары бүлік пен тонауға қатысқан адамдарды іздестіру және ұстау жұмысын жалғастыруда. Олардың мекенжайы туралы ақпарат қала тұрғындарынан да түсіп жатыр.

Тәртіп сақшылары 67 бірлік атыс қаруы мен 3 112 оқ-дәрі тәркіледі.

Қазақстандағы бүлік

2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.

Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.

Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған. Содырлар тіпті, Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.

Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетеді. 13 қаңтардан бастап ҰҚШҰ әскерилері елден біртіндеп шығарыла бастады.

Елдегі бүлікке байланысты Қазақстан аумағында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Айта кетері, бірқатар өңірде төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алынып тасталды.

Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция (136)
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Бас прокуратура, тәртіпсіздік
Загрузка...

Басты тақырып