Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Министрлік бүлік кезінде жоғалғандар жайлы ақпарат жинайтын сайтқа түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Ақпарат министрлігі қазақстандықтарды тек шынайы және ресми ақпаратқа сенуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде хабар-ошарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинайтын izsizqantar.com сайты Қазақстанда тіркелмеген. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға хабарлады.
Бұған дейін кейбір БАҚ-та қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар жайлы ақпарат жинайтын сайт іске қосылғаны хабарланды. Сайт адамдардың жеке деректерін сұратады. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейтіні көрсетілген.
Ақпарат және даму министрлігі Sputnik Қазақстанға осы сайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство сайт Қазақстанда тіркелмегенін атап өтті.  
"izsizqantar сайты Қазақстанда тіркелмеген және ресми ақпараттың интернет-ресурсы емес. Шынайы және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", -делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 4 қаңтардан бастап 22 адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылған. Қалған 7 адамның қайда екені анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0