https://sputnik.kz/20220114/Ministrlk-jogalgandar-aqparat-sait-19147749.html
Министрлік бүлік кезінде жоғалғандар жайлы ақпарат жинайтын сайтқа түсініктеме берді
Министрлік бүлік кезінде жоғалғандар жайлы ақпарат жинайтын сайтқа түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Ақпарат министрлігі қазақстандықтарды тек шынайы және ресми ақпаратқа сенуге шақырды 14.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-14T19:26+0500
2022-01-14T19:26+0500
2022-05-23T15:42+0500
министрлік
сайттар
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_22:0:1768:982_1920x0_80_0_0_35d9607156507db6664d7d3c1735d37a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде хабар-ошарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинайтын izsizqantar.com сайты Қазақстанда тіркелмеген. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға хабарлады.Бұған дейін кейбір БАҚ-та қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар жайлы ақпарат жинайтын сайт іске қосылғаны хабарланды. Сайт адамдардың жеке деректерін сұратады. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейтіні көрсетілген.Ақпарат және даму министрлігі Sputnik Қазақстанға осы сайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство сайт Қазақстанда тіркелмегенін атап өтті. Бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 4 қаңтардан бастап 22 адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылған. Қалған 7 адамның қайда екені анықталып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16373978_240:0:1549:982_1920x0_80_0_0_fd19197c8f23d6b71654546bbe7a15c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, сайттар
Министрлік бүлік кезінде жоғалғандар жайлы ақпарат жинайтын сайтқа түсініктеме берді
19:26 14.01.2022 (жаңартылды: 15:42 23.05.2022) Ақпарат министрлігі қазақстандықтарды тек шынайы және ресми ақпаратқа сенуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде хабар-ошарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинайтын izsizqantar.com сайты Қазақстанда тіркелмеген. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Sputnik Қазақстанға хабарлады.
Бұған дейін кейбір БАҚ-та қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар жайлы ақпарат жинайтын сайт іске қосылғаны хабарланды. Сайт адамдардың жеке деректерін сұратады. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейтіні көрсетілген.
Ақпарат және даму министрлігі Sputnik Қазақстанға осы сайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство сайт Қазақстанда тіркелмегенін атап өтті.
"izsizqantar сайты Қазақстанда тіркелмеген және ресми ақпараттың интернет-ресурсы емес. Шынайы және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", -делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 4 қаңтардан бастап 22 адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылған. Қалған 7 адамның
қайда екені анықталып жатыр.