Қоғам

Қар жауып, боран соғады: демалыс күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуАстана, виды города. ж/к "Северное сияние"
Астана, виды города. ж/к Северное сияние - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Баренц теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен республиканың көп бөлігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет мамандары 15-17 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Республиканың көп бөлігінде ауа райына Баренц теңізі аумағынан келетін циклон әсер етеді. Соның әсерінен жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады. 15-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін екпінді жел болады. Термометр бағандары 17 қаңтарға жақын, түнгі уақытта батыста 5-13 аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 аязға дейін төмендейді.
Елдің оңтүстігінде -5...+5 градус болады деп болжанды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Алматыда 15 қаңтарда күн бұлтты, түнде -1°C, күндіз +9°C болады. 16 қаңтарда жаңбыр жауады, түнде 0°C, күндіз +13°C көрсетеді. 17 қаңтарда күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +8°C жылы болады.
Нұр-Сұлтан қаласында 15 қаңтарда түнде -10°C, күндіз 0°C көрсетеді. Жаңбыр аралас қар жауады. 16 қаңтарда қар жауады, түнде -11°C, күндіз -1°C көрсетеді. 17 қаңтарда қар жауады, түнде -8°C, күндіз -3°C.
Шымкентте 15-17 қаңтар аралығында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5...+7°C аралығында болады. Күндіз 15-16 қаңтарда ауа температурасы 12°C көрсетсе, 17 қаңтарға қарай төмендеп, +7°C жетеді.
Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады    
Жаңалықтар
0