20:29 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2401

Министр халықтың басым бөлігі мемлекет басшысының ҰҚШҰ елдерінен көмек сұрау туралы шешімін қолдағанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның жаңа тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында ҰҚШҰ-ға мүше елдер дер кезінде әрекет етіп, елдегі жағдайды тұрақтандыруға зор үлес қосқанын атап өтті.

Асқар Омаров "жаппай тәртіпсіздік кезінде өңірлердің интернетсіз қалуын ақпаратқа қолжетімділік құқығын шектеу деп бағалауға бола ма?" деген сауалға жауап берді.

"Ол кезде мемлекет алдында бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік құрылымды сақтау міндеті тұрды. Ол міндет орындалды. Ақпараттық вакуум пайда болды деуге негіз жоқ. Қоғамда қару қолданумен қатар, ақпарат кеңістігінде жалған мәлімет таратып, іріткі салуды көздейтін әрекет жасалып жатқанда мемлекеттік телеарналар тәулік бойы эфирде болып, журналистер демалыссыз жұмыс істеді де, сенімді әрі шынайы ақпарат берді. Сндықтан интернетті өшіру мәжбүрлі шараға айналды", - деді министр.

Министр Қазақстан басшысының елдегі аласапыранға байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұрауына қатысты пікірін де бөлісті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін ұйымға мүше елдер арасында жасалған келісімдер аясында қолдау алу үшін ҰҚШҰ-ға жүгінді. Қазақстан қалаларына жасалған шабуылдардың ауқымын және қылмыстық топтардың ұйымдастырылуын ескере отырып, бұл сол шақта өмірлік маңызы бар қадам болды", - деді министр.

Ол министрлік зерттеу жүргізіп, халықтың басым бөлігі мемлекет басшысының шешімін қолдағанын анықтағанын айтты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қорғау және мемлекеттік жүйені сақтау құзыретіне сәйкес ҰҚШҰ-ны көмекке шақыру туралы шешім қабылдады. Осы мақсаттарда ҰҚШҰ мандаты алғаш рет қолданылды. Осы орайда ҰҚШҰ-ға мүше елдер ерекше құрмет пен алғысқа лайық. Олар дер кезінде әрекет етіп, елдегі жағдайды тұрақтандыруға зор үлес қосты. Бұл процесте Ресейдің рөлі тіпті жоғары", - деп түйіндеді министр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровпен болған сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Загрузка...

Басты тақырып