Қоғам

Ұлы Отан соғысын бөтендікі деуге келмейді – министр

Аскар Умаров   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Асқар Омаров министр болғаннан кейін ресейлік БАҚ-та жарияланған даулы мәлімдемелерге қатысты алғаш рет пікір білдіріп, Ресей мен Ұлы Отан соғысына қандай көзқараста екенін айтып берді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның жаңа тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Sputnik Қазақстанға жаңа қызметте алғаш рет сұхбат берді. Министр агенттік жазбаша түрде ұсынған сауалдарға жауап беруге келісті.
Асқар Омаров Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары болып тағайындалғанда қоғамда оның русофоб екені, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ секілді ұйымдар аясындағы интеграцияға қарсы екені туралы жиі жазылды. Ол министр болып тағайындалғанда мұндай мақалалар саны арта түсті. Алайда Омаров мұның барлығын жоққа шығарды.
"Мен Ресейге, біздің халықтар арасындағы ортақ көпғасырлық тарихи байланысқа, салт-дәстүрге, тарих пен әдебиетке үлкен құрметпен қараймын. Орыс тілін жақсы меңгергенмін және орыс мәдениетімен етене байланыстамын", - деді министр.
Ол құрлықтағы ең ұзын шекара Ресей мен Қазақстан арасында екенін атап өтіп, екі елді аймақтық жақындықтан бөлек достық, өзара құрмет пен стратегиялық ынтымақтастық байланыстырып тұрғанын айтты.
Асқар Омаров "шынымен де Ұлы Отан соғысын "басқалардың соғысы" деп есептейсіз бе?" деген сауалға да жауап берді.
"Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың бірі. Бұл соғыста миллиондаған адам көз жұмды. Сондықтан оны бөтендікі деп атауға келмейді. Бұл соғыс әрбір отбасыға салдарын тигізді. Біздің ата-бабамыз алдыңғы шепте шайқасып, ұрыс алаңында қаза тапты. Сондықтан біздің елдерімізде Жеңіс күнін ерекше құрметпен атап өтеді", - деді министр.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровпен болған сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.
Жаңалықтар
0