14:34 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
80 0 0

Қазір Михаил Курганов есімді ер адам Қызылорда облысы көпбейінді ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде жатыр

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қызылорда облысының көпсалалы ауруханасына тәртіпсіздік болған күндері басынан ауыр жарақат алып, есін жоғалтқан славян тектес жас жігіт түсті.

Кейін оның алысқа қатынайтын жүргізуші – Беларусь азаматы екені белгілі болды, оның Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдағаны және тәртіпсіздік болған кезде оқиға орнына кездейсоқ барғаны белгілі.

"Қазір оның жағдайы қалыпты, орташа ауыр жағдайда жатыр. Михаил есін жиды, алайда оның ретроградтық амнезиясы бар. Бұл көп жағдайда "ауыр бас жарақаты" диагнозы қойылған адамдарда болады. Курганов ми жарақатын алған, алайда науқас жедел емдеуді қажет етпейді. Тиісті емді алып жатыр, қазір өзін ауруханаға түскен кездегі жағдаймен салыстырғанда жақсы сезінеді", - деді медицина мекемесінің нейрохирургия бөлімінде.

Дәрігерлер Михаилдың ақыл-ойы орнында екенін айтты. Алған ауыр жарақатына қарамастан, сұраққа нақты жауап беріп, басқа науқастармен сөйлеседі. Оған видеобайланыс арқылы туыстарымен сөйлесуге рұқсат берілген.

Курганов ауруханадан кем дегенде бір аптадан кейін шығарылады.

Жас жігітке не болғаны тек ішінара белгілі. Ол тек басынан алған соққыны ғана біледі. Оқиға көлікті тоқтатып, көліктен түскен кезде болған.

Михаилдың жарақат алғанын көрген сол маңнан өтіп бара жатқан жолаушылар жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер бірден құқық қорғау органдарына, науқастың туыстары мен жұмыс берушісіне хабарлаған.

Жарақат алған кезде оның жанында құжаттары болған. Ал ер адам тасымалдаған жүк тоналмаған, сол күйі тұр. Оны діттеген жеріне басқа көлік жүргізушісі жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

 

Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, шетелдік
Загрузка...

Басты тақырып