20:27 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы көшіп келген қандастардың 55,2 проценті еңбекке қабілетті жаста

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлік қандастардың қай елден келгенін де жариялады.

  • 76,2% - Өзбекстаннан;
  • 9,7% – Қытай Халық Республикасынан;
  • 6% – Түркіменстаннан;
  • 2,6% – Моңғолиядан;
  • 5,7% – басқа елдерден келген

Атажұртқа оралған қандастардың көбісі бес өңірге барды.

  • Алматы облысы - 28,5%;
  • Маңғыстау облысы - 19%;
  • Түркістан облысы - 13%;
  • Жамбыл облысы - 7,8%;
  • Шымкент қаласы - 10,5%;

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы көшіп келген қандастардың 55,2 проценті еңбекке қабілетті жаста, ал еңбекке қабілетті жастан кішілердің саны 28 %.

Зейнеткерлер 16,8 процентті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 11,1%-ында жоғары білімі бар. 40,1% - орта кәсіби білім, 45,6% - орта білім, 3,1 процентінде білім жоқ.

Оқи отырыңыз: Ираннан Қазақстанның солтүстігіне қоныс аударған қандастар көмек сұрап жатыр

 

Кілт сөздер:
оралмандар, Еңбек министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып