Қоғам

"Аэрофлот" Алматыға ұша бастады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАэрофлот
Аэрофлот - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
"Аэрофлот" әуе компаниясы 5 қаңтардан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларына жасайтын барлық рейсті тоқтатқан болатын
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы трагедиядан кейін "Аэрофлоттың" алғашқы жолаушылары Мәскеуге аттанды. Кейбіреулер осы рейсті бір аптадан астам күткен.
"Менің қызым Мәскеуге оқуға кетіп барады. Алматыда "Аэрофлоттың" рейстерін күтіп отырған адамдар көп. Біреулер үйге қайтып жатыр, енді біреулер жұмысына барады. Бәріміз осы рейстерді күттік", - деді Алматы қаласының тұрғыны РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Алматыдағы жағдайдан кейін қызы сабағын өткізіп алды. Енді, ресейлік оқу орнында арнайы анықтаманы талап етіп жатыр.
"Қызым оқудың басын өткізіп алды. Содан проблема туындады. Мен қоңырау шалып, мәселенің мән-жайын түсіндіргенмін. Бірақ ол жақта анықтама сияқты ресми құжат керек деді. Енді, соны шешуіміз қажет", - дейді ол.
Айта кетері, ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы 5 қаңтардан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларына жасайтын барлық рейсті тоқтатқан болатын.
Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды
 
 
Жаңалықтар
0