20:23 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
191 0 0

Бақытжан Сағынтаев жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып жүр, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешуде", - делінген хабарламада.

 

Бұған дейін Сағынтаев Алматыда тәртіпсіздік кезінде ажалдан қалай аман қалғаны туралы айтқан болатын. 

Екі бірдей қалалық басқарма басшысы жараланған. Қастандық 5 қаңтар кешке жасалды. Сағынтаев қала тұрғындарына алғашқы үндеуін жолдау үшін телеарнаға бара жатқан.

Шаһар басшысы мен оның әріптестері және "Алматы" телеарнасының қызметкерлері оқ астында қалды. Телеарна жүргізуші қайтыс болды.

Сағынтаев әріптестерімен бірге жүргізушінің кәсібилігінің арқасында аман қалғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы бүлік: Сағынтаевтың кабинеті қазір қандай күйде – видео

 

 

 

 

 

Кілт сөздер:
Алматы, Сағынтаев, отставка
Загрузка...

Басты тақырып