20:02 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Терроризмге қарсы арнайы операция (138)
7082 0 0

ҰҚК арнаулы қызметіне кандидат үшін ең бастысы – өз мемлекетіне және президентке деген адалдық, деді Садықұлов "Арыстан" арнайы мақсаттағы қызмет туралы деректі фильмде. Бірнеше күн бұрын ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Кәрім Мәсімовтің орынбасары қызметін атқарған Әнуар Садықұлов бастығымен бірге мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамалды. Әнуар Садықұлов 1967 жылы Алматы қаласында туған, Ленинабад пен Қапшағай қаласында Кеңес армиясы қатарында қызмет еткен.

  • 1991 жылы жергілікті зооветеринарлық институтты бітіріп, 1992 жылдан бастап күштік органдарда еңбек жолын бастады;
  • 1992-2013 жылдары – президенттің күзет қызметінің қызметкерінен осы құрылымның бастығына дейін көтерілді;
  • 2013 жылдың қаңтар-наурызында ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы қызметін басқарды, кейін президент күзеті қызметінің бастығы лауазымына оралды;
  • 2014-2019 жылдары – бес жыл ҰҚК басшысының орынбасары және онымен қоса ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы қызметінің бастығы болып жұмыс істеді;
  • 2019 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін – ҰҚК басшысының орынбасары қызметін жалғастырды, сонымен қатар "А" арнайы жасағы қызметін басқарды.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнайы мақсаттағы қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай 2017 жылы түсірілген деректі фильмде Әнуар Садықұлов былай деген:

"Ең бастысы – өз мемлекетіңе және президентке деген адалдық. Өкінішке қарай, қазіргі әлемде қауіп-қатер деңгейі төмендемей тұр, біз Таяу Шығыстағы, Сириядағы жағдайды көріп, талдаймыз. Біздің міндетіміз – осы сын-қатерлерге дайын болу және тиісті шаралар қабылдау".

Сол фильмде ол "біздің кез келген қызметкеріміз өз Отаны үшін өмірін қиюға дайын. Бұл - ер адам, жауынгер өз Отаны үшін жасай алатын ең үлкен нәрсе. Мүмкін ол осы үшін дүниеге келген шығар", деген.

2022 жылдың қаңтарында Әнуар Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады және елдегі билікті күшпен басып алуға әрекет жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовпен бірге қамауға алынды.

Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция (138)

Тақырып бойынша

Тоқаев: ҰҚК басшылары қару мен құпия құжаттарды қалдырып, ғимараттан кетіп қалды
Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді – ҰҚК
ҰҚК-ның Жамбыл облысындағы департаментіне 350 адам шабуыл жасаған
ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімов қамауға алынды
ҰҚК-ның Алматыдағы департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, қамауға алынды
Загрузка...

Басты тақырып