Қоғам

"Алғаш рет өз әлеуетімізді қолдандық": ҰҚШҰ бас хатшысы бітімгерлер жұмысы туралы айтты

© Sputnik / Russian Defence Ministry / Медиабанкке өтуВоеннослужащие из состава российского контингента миротворческих сил ОДКБ на аэродроме в Алма-Ате
Военнослужащие из состава российского контингента миротворческих сил ОДКБ на аэродроме в Алма-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Ол Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер ҰҚШҰ-ға кіретін барлық мемлекет үшін сабақ болғанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась Қазақстаннан бітімгерлік контингентін шығару операциясы басталған кезде журналистерге сұхбат берді.
"Ел қалыпты өмірге оралып жатыр. Бұл ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің, соның ішінде әскер сапындағы азаматтардың көмегі және қолдауының арқасында мүмкін болды. Олар өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, Қазақстанға қажетті көмек берді", - деді Станислав Зась Алматыда.
Ол Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер ҰҚШҰ-ға кіретін барлық мемлекет үшін сабақ болғанын атап өтті.
"Бұл сынақ сәті болды. Ұйым құрылған уақыттан бері 20 жылдың ішінде біз алғаш рет өз қорғаныш әлеуетімізді қолдандық. Бұл жақсы ма, жаман ба? Әрине, өз шеберлігімізді тек полигонда қолдансақ дейміз", - деді ол.
Алайда ұйым өзінің тиімділігін дәлелдеді.
"ҰҚШҰ-да құрылған жүйе жұмыс істейді. Бітімгерлер алдына қойылған тапсырмалар толық орындалды. Енді алдыда соңғы кезең (әскерилерді шығару) тұр. Бітімгерлер ерте кетіп жатқан жоқ. Алматыны қоса алғанда жалпы жағдай толық бақылауға алынды. Тапсырма орындалды", - деді Зась.
Еске салсақ, 13 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша елге келген ҰҚШҰ бітімгерлік контингентін Қазақстан аумағынан шығару басталды. ҰҚШҰ соңғы бітімгері 10 күннен кешіктірмей республикадан шығарылуы керек.
Қазақстанда бітімгерлер тек стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетумен айналысты және жауынгерлік іс-қимылға қатысқан жоқ. Қазақстанға Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армениядан барлығы 2,3 мың ҰҚШҰ бітімгері келді.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0