Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тәртіпсіздіктердің фото-видеосын жинайтын сайт іске қосылды

© Sputnik/Александр МирогловУпаковки от похищенных мародерами парфюмерных наборов в Алматы, 6 января 2022 года
Упаковки от похищенных мародерами парфюмерных наборов в Алматы, 6 января 2022 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Сайтта азаматтар жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видео және фото материалдарды арнайы сайт арқылы прокуратураға жіберуге болады.
"Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты. Бұл сайтта азаматтар биылғы террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады", - делінген Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінде.
Сайтта екі функция ғана бар. Алдымен қаланы таңдау керек. Одан кейін фото-видео жүктеледі. Бірден бес файлға дейін жіберуге болады.
"Егер қолыңызда Алматы және басқа да қалалардағы оқиғалар орнында түсірілген (телефоныңызға, видеобақылау камерасына, авторегистраторға жазылған) фото, видео немесе аудио материалдар болса, бізге жіберуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Ал файлдарды жүктеу мүмкін болмай жатса, 115 номеріне хабарласу керек.
Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар арқылы сәйкестендіруді бастап кетті.
Оқи отырыңыз: Тәртіпсіздік кезінде бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді
Жаңалықтар
0