https://sputnik.kz/20220112/dariga-nazarbaeva-majilis-19123036.html
Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына неге қатыспай жүр
Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына неге қатыспай жүр
Sputnik Қазақстан
Бұқаралық ақпарат құралдарында тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері шетел асып кеткені туралы жариялана бастады 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T11:26+0500
2022-01-12T11:26+0500
2023-08-09T09:45+0500
қоғам
дариға назарбаева
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166149_0:130:3072:1858_1920x0_80_0_0_6897adf2cd7c3fb079ed15dbd2b366a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Дариға Назарбаева мәжілістің бүгінгі отырысына да қатысқан жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі парламенттің төменгі палатасына хабарласып, депутаттың кезекті отырысқа не себепті келмегенін білді.Айта кетері, Дариға Назарбаева 5 қаңтарда болған мәжілістің отырысына да келмеді.Кеше, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева сол отырысқа да қатысқан жоқ.Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. Ол экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.Бұған дейін комитет басшысы Альберт Рау Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат беріп, Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және жұмысқа дәлелді себеппен келмей жүргенін айтқан.Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар бұқаралық ақпарат құралы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері шетел асып кеткені туралы жазған.Ал Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, ал Нұрсұлтан Назарбаев астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста екенін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166149_285:0:3016:2048_1920x0_80_0_0_a75bb1eef76823fd84d20dfe4d5fb208.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дариға назарбаева, мәжіліс
дариға назарбаева, мәжіліс
Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына неге қатыспай жүр
11:26 12.01.2022 (жаңартылды: 09:45 09.08.2023) Бұқаралық ақпарат құралдарында тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері шетел асып кеткені туралы жариялана бастады
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Дариға Назарбаева мәжілістің бүгінгі отырысына да қатысқан жоқ.
Sputnik Қазақстан тілшісі парламенттің төменгі палатасына хабарласып, депутаттың кезекті отырысқа не себепті келмегенін білді.
"Ол да басқа әріптестері сияқты денсаулығына байланысты демалыс алып, бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ", - деді баспасөз қызметінің мамандары.
Айта кетері, Дариға Назарбаева 5 қаңтарда болған мәжілістің отырысына да келмеді.
Кеше, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева сол отырысқа да қатысқан жоқ.
Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. Ол экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.
Бұған дейін комитет басшысы Альберт Рау
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат беріп, Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және жұмысқа дәлелді себеппен келмей жүргенін айтқан.
Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар бұқаралық ақпарат құралы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері шетел асып кеткені туралы жазған.
Ал Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, ал Нұрсұлтан Назарбаев астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста екенін мәлімдеді.