Қоғам

Үкіметтің экономикалық саясаты халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталады – вице-премьер

Бахыт Султанов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Шағын кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары тиімді әрі қолжетімді болады
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкіметтің экономикалық саясатына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Үкіметтің экономикалық саясаты, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады", - деді Сұлтанов жаңа құрамдағы үкіметтің алғашқы отырысында.
Сондай-ақ ашық әрі теңдестірілген принципке сай бюджет және фискалдық саясат қалыптастырылады. Салықтық-кедендік әкімшілендірудің батыл шаралары қосымша табыс көздерін қамтамасыз етеді.
Айтуынша, жеке секторды экономикалық өсу драйвері ретінде дамыту үшін бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнесті күшейтуге баса назар аударылады. Шағын кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары тиімді әрі қолжетімді болады.
Бұдан бөлек, мемлекеттің экономикадағы үлесі оны жекешелендіру және бәсекелес ортаға беру арқылы қысқартылады. Мемлекеттік активтерді басқару тәсілдері қайта қаралады.
Жалпы, қаржы-экономикалық блок бойынша толыққанды пысықталған шаралар үкіметтің жаңа бағдарламасын әзірлеу барысында ұсынылады, деді министр.

Оқи отырыңыз: 

"Әлі ешбір үкіметтің алдында болып көрмеген": жаңа премьер-министр әріптестеріне не айтты
Досаев елден заңсыз ақша шығаруға қалай тосқауыл қоятынын айтты
 
Жаңалықтар
0