Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматы мен Алматы облысында арнайы операция кезінде 675 күдікті ұсталды

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVВоенный стоит рядом с остовом сгоревшего автомобиля в Алматы
Военный стоит рядом с остовом сгоревшего автомобиля в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Демонстранттар полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары табылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы операция кезінде 675 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2022 жылдың 8 қаңтарынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, ішкі істер және қорғаныс министрліктері  мен ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері 675 күдіктіні ұстады", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабрламада.
Тексеру және автокөліктер мен үй-жайларды тінту барысында демонстранттар полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция)  және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және т.б.) табылып жатыр.
ҰҚК барлық азаматты құқық қорғау және арнайы органдарға құқықтық тәртіпті тұрақтандыру мен қалпына келтіруге көмектесуге шақырды.
Оқи отырыңыз: Содырлар Қазақстан астанасына да шабуыл жасамақ болды – Тоқаев
Жаңалықтар
0