https://sputnik.kz/20220109/politseylerdin-formasyn-tartyp-algan-19095802.html
5 қаңтарда Алматыға 20 мың адам келді – Ерлан Тұрғымбаев
5 қаңтарда Алматыға 20 мың адам келді – Ерлан Тұрғымбаев
Sputnik Қазақстан
Қылмыскерлер билік органдарының беделіне нұқсан келтіру үшін полиция қызметкерлері мен әскерилердің формасын киіп, заңсыз әрекеттерге барған 09.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-09T08:43+0500
2022-01-09T08:43+0500
2022-05-23T15:02+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19063224_0:0:3299:1856_1920x0_80_0_0_1475739d7084c6d5e55fe10c6be9fdbf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. 5 қаңтарда Алматыға 20 мың адам келді, деп хабарлады ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев. Олар жақсы қаруланған және жан-жақты ұйымдастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."5 қаңтарда Алматының түкпір-түкпірінен 20 мыңға жуық адамнан тұратын ұйымдасқан топ бір уақытта қала орталығындағы алаңға жетіп, әкімдік ғимаратын басып алуға қайта әрекеттенді. Сонымен бірге олар жақсы қаруланған және жан-жақты ұйымдасқан. Олар едәуір көп болғандықтан бірнеше қорғаныс шебін бұзып өтіп, ғимаратқа кірді. Кездейсоқ адамдар құрбан болмау үшін шабуыл кезінде полиция шегінуге мәжбүр болды", - деді Тұрғымбаев.Мүлік жойылып, тоналды, ғимараттар өртелді. Полиция қызметкерлері мен әскери училищенің курсанттарын ұрып-соғып, жәбірлеп, арнайы құралдары мен формасын тартып алған.Сондай-ақ ІІМ басшысы тәртіпсіздіктер кезінде 1300-ден астам полиция қызметкері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің әскерилері, сондай-ақ арнайы органдардың қызметкерлері жараланғанын айтты. Қылмыскерлер билік органдарының беделіне нұқсан келтіру үшін полиция қызметкерлері мен әскерилердің формасын киіп, заңсыз әрекеттерге барған.Тәртіпсіздіктер кезінде 400-ден астам көлік бүлінді және жойылды, оның 346-сы полицейлер көлігі. Сонымен қатар ойрандаушылар 100-ден астам ірі сауда және банк нысандарын тонап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын шамамен 200 миллион долларға жетіп отыр.Қазіргі уақытта лаңкестікке қарсы операция жалғасуда, еліміздің барлық өңірінде жағдай тұрақтанды."Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытуды сұраймын. Қалада, әсіресе, антитеррорлық операция жүргізіліп жатқан аумақтарда сақтық шараларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға, барлық күдікті факті мен адамдар туралы полицияға хабарлауға шақырамын", - деді Тұрғымбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19063224_316:0:3045:2047_1920x0_80_0_0_cf76f67bb7446621f63da5d263a88d63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
5 қаңтарда Алматыға 20 мың адам келді – Ерлан Тұрғымбаев
08:43 09.01.2022 (жаңартылды: 15:02 23.05.2022) Қылмыскерлер билік органдарының беделіне нұқсан келтіру үшін полиция қызметкерлері мен әскерилердің формасын киіп, заңсыз әрекеттерге барған
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. 5 қаңтарда Алматыға 20 мың адам келді, деп хабарлады ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев. Олар жақсы қаруланған және жан-жақты ұйымдастырылған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "5 қаңтарда Алматының түкпір-түкпірінен 20 мыңға жуық адамнан тұратын ұйымдасқан топ бір уақытта қала орталығындағы алаңға жетіп, әкімдік ғимаратын басып алуға қайта әрекеттенді. Сонымен бірге олар жақсы қаруланған және жан-жақты ұйымдасқан. Олар едәуір көп болғандықтан бірнеше қорғаныс шебін бұзып өтіп, ғимаратқа кірді. Кездейсоқ адамдар құрбан болмау үшін шабуыл кезінде полиция шегінуге мәжбүр болды", - деді Тұрғымбаев.
Мүлік жойылып, тоналды, ғимараттар өртелді. Полиция қызметкерлері мен әскери училищенің курсанттарын ұрып-соғып, жәбірлеп, арнайы құралдары мен формасын тартып алған.
Сондай-ақ ІІМ басшысы тәртіпсіздіктер кезінде 1300-ден астам полиция қызметкері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің әскерилері, сондай-ақ арнайы органдардың қызметкерлері жараланғанын айтты.
"Қарулы қылмыскерлер бір уақытта қала көшелерінде бей-берекет оқ жаудырып, полиция қызметкерлерін, әскерилер мен қарапайым азаматтарды өлтірді. Олар сауда және ойын-сауық орталықтарын, қаржы институттарын талқандап, банкоматтарды бұзып ашты", - деді ол.
Қылмыскерлер билік органдарының беделіне нұқсан келтіру үшін полиция қызметкерлері мен әскерилердің формасын киіп, заңсыз әрекеттерге барған.
Тәртіпсіздіктер кезінде 400-ден астам көлік бүлінді және жойылды, оның 346-сы полицейлер көлігі.
Сонымен қатар ойрандаушылар 100-ден астам ірі сауда және банк нысандарын тонап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын шамамен 200 миллион долларға жетіп отыр.
Қазіргі уақытта лаңкестікке қарсы операция жалғасуда, еліміздің барлық өңірінде жағдай тұрақтанды.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытуды сұраймын. Қалада, әсіресе, антитеррорлық операция жүргізіліп жатқан аумақтарда сақтық шараларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға, барлық күдікті факті мен адамдар туралы полицияға хабарлауға шақырамын", - деді Тұрғымбаев.