Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарға: мен сіздерді мақтан тұтамын

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЗакрытие V Армейских международных игр-2019
Закрытие V Армейских международных игр-2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Бұған қоса, наразылықтың бейбіт тәртібін сақтағаны үшін өңір тұрғындарына алғыс айтты
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырды.
"Қадірлі отандастарым, мен сіздерді мақтан тұтамын. Осы күндері сабыр сақтап, тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күш салған Қазақстан азаматтарына алғыс білдіремін. Арандату мен деструктивті ұрандарға қарамастан заңға және өз елдеріңізге деген адалдықты сақтап қалдыңыздар", - деді Тоқаев республикалық телеарналар эфирінде.
Сондай-ақ президент ірі қалалардағы студенттерге, еңбек ұжымдарына, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жұмысшыларына азаматтық ұстанымы үшін ризашылығын білдірді.
Бұған қоса, наразылықтың бейбіт тәртібін сақтағаны үшін өңір тұрғындарына да алғыс айтты.
Жаңалықтар
0