Қоғам

ІІМ: Алматыда ОМОН наразылық білдірушілерге қосылды деген ақпарат – жалған

© Sputnik/ Ольга ТонконогРазбитые полицейские машины и костры посреди улицы: ситуация в Алматы
Разбитые полицейские машины и костры посреди улицы: ситуация в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Министрлік құқық қорғау органдарының қызметкерлері халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Алматыда ОМОН қызметкерлері наразылық білдірушілер жағына өткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Интернетте ОМОН наразылыққа шыққан адамдарға қосылғаны туралы бейнеролик тарады. ІІМ бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді
"Ішкі істер органдарының қызметкерлері, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік желідегі парақшада тараған бұл ақпарат –фейк, шындыққа сәйкес келмейді", - деп ескертті министрлік.
Оқи отырыңыз: Алматыда митингке шыққандар әкімдікке басып кірді
Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Жаңалықтар
0