https://sputnik.kz/20220105/Mazhilis-deputattar-miting-19053657.html
Мәжіліс депутаттары елдегі жаппай митинг жайлы: бәріміз күйзелдік
Мәжіліс депутаттары елдегі жаппай митинг жайлы: бәріміз күйзелдік
Sputnik Қазақстан
Олар сұйытылған газ тапшылығы, саладағы баға белгілеуге қатысты мәселелерді бірнеше рет көтергенін атап өтті 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T10:19+0500
2022-01-05T10:19+0500
2023-08-09T09:39+0500
қоғам
митинг
депутат
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/168/86/1688663_0:615:6015:4016_1920x0_80_0_0_5ed446fe915cb3307889323798493493.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары елде болып жатқан наразылық шерулеріне қатысты пікір білдіріп, үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілісмендердің премьер-министр міндетін атқарушы Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалын Бақытбек Смағұл оқып берді."Біз бәріміз бұл күндері Жаңаөзенде, Ақтауда болған оқиғаларға күйзелдік. Ел президентінің жедел шешімі мен жеке бақылауы жағдайды шешуге, өзара тиімді шешім қабылдауға кепілдік берді. Ал енді бәріміз тыныштық пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және өзара тиімді шешім қабылдауға, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей жауапкершілік танытуға тиістіміз", - деді Смағұл.Ол сұйытылған газ тапшылығы, саладағы баға белгілеуге қатысты мәселелерді мәжілісмендер бірнеше рет көтергенін атап өтті. Олардың бірқатары реттелсе де, бірсыпырасы шешімін таппаған.Депутат Қазақстанда сұйытылған газ сатудың бірыңғай ұлттық нарығы қалыптаспағанын айтты. Соның кесірінен сұйытылған газ тапшылығы бар. Оның көрсеткіші 2021 жылы 15 пайызға жетті."Бірқатар аймақта сауда-саттық нәтижесінде көтерме баға керісінше төмендегенін көріп отырмыз. Бұл сауда-саттықты өткізу процедурасының өзінде және бөлшек сауда бағасын қалыптастыруда проблемалардың бар екенін көрсетеді. Үкімет бұл мәселені қарастырып, шешуі керек", - деді мәжілісмен.Ол көтерме сауда нарығында алыпсатарлықты жою және сауда-саттық ашықтығын арттыру мақсатында былтыр парламент биржалық сауданы ұйымдастыру туралы заң қабылдағанын еске салды. Заң күшіне енсе де, энергетика министрлігі сұйытылған газды өткізудің жаңа ережелерін әлі күнге дейін әзірлемеген."Осы өзекті мәселелерді реттемейінше, бізде бағаның шарықтауы сұйытылған газға ғана емес, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көптеген түрінен байқалатын болады. Түптеп келгенде, бұдан қарапайым тұтынушы зардап шегеді", - деді депутаттар.Халық неге көшеге шықты2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін қымбаттағаны себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.Маңғыстау облысында басталған наразылықтар елдің өзге өңірлерінде де жалғасты. Артынша Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.4 қаңтар кешке жағдай күрделеніп, Алматыдағы наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратты. Жағдай ушыққан соң қаладағы тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылыққа шыққандар қаладағы үлкен көшелермен жүріп, қала әкімдігі ғимаратына дейін барды. Ол жерді арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алған.5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.Ел үкіметі отставкаға кеттіЕл ішінде наразылық болып жатқанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды."Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.5 қаңтарда президент үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды."Қазақстан Республикасы үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.Қазақстан премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/168/86/1688663_0:235:6015:4016_1920x0_80_0_0_c26a1b2656542a8ac7d2df2f0e60a64a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, депутат, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, мәжіліс
митинг, депутат, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, мәжіліс
Мәжіліс депутаттары елдегі жаппай митинг жайлы: бәріміз күйзелдік
10:19 05.01.2022 (жаңартылды: 09:39 09.08.2023) Олар сұйытылған газ тапшылығы, саладағы баға белгілеуге қатысты мәселелерді бірнеше рет көтергенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары елде болып жатқан наразылық шерулеріне қатысты пікір білдіріп, үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісмендердің премьер-министр міндетін атқарушы Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалын Бақытбек Смағұл оқып берді.
"Біз бәріміз бұл күндері Жаңаөзенде, Ақтауда болған оқиғаларға күйзелдік. Ел президентінің жедел шешімі мен жеке бақылауы жағдайды шешуге, өзара тиімді шешім қабылдауға кепілдік берді. Ал енді бәріміз тыныштық пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және өзара тиімді шешім қабылдауға, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей жауапкершілік танытуға тиістіміз", - деді Смағұл.
Ол сұйытылған газ тапшылығы, саладағы баға белгілеуге қатысты мәселелерді мәжілісмендер бірнеше рет көтергенін атап өтті. Олардың бірқатары реттелсе де, бірсыпырасы шешімін таппаған.
"Біріншіден, энергетика министрлігі бағаның бұлайша өсуін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған газдың 100 пайыз электронды сауда алаңы арқылы сатылатынын түсіндірді. Үш жыл ішінде заң күшіне енгеннен кейін сауда алаңында нарықтық тетіктер қалыптасып үлгермеді. Сауда-саттықты энергетика министрлігі қолмен басқару режиміне өткізді. Бұл электронды алаңдар тетігінің беделін кетіріп, нәтижесіне қол жеткізбеді. Сөйтіп, бүгінгі күні дағдарыстық жағдайға әкеп тіреп отыр", - деді депутат.
Депутат Қазақстанда сұйытылған газ сатудың бірыңғай ұлттық нарығы қалыптаспағанын айтты. Соның кесірінен сұйытылған газ тапшылығы бар. Оның көрсеткіші 2021 жылы 15 пайызға жетті.
"Бірқатар аймақта сауда-саттық нәтижесінде көтерме баға керісінше төмендегенін көріп отырмыз. Бұл сауда-саттықты өткізу процедурасының өзінде және бөлшек сауда бағасын қалыптастыруда проблемалардың бар екенін көрсетеді. Үкімет бұл мәселені қарастырып, шешуі керек", - деді мәжілісмен.
Ол көтерме сауда нарығында алыпсатарлықты жою және сауда-саттық ашықтығын арттыру мақсатында былтыр парламент биржалық сауданы ұйымдастыру туралы заң қабылдағанын еске салды. Заң күшіне енсе де, энергетика министрлігі сұйытылған газды өткізудің жаңа ережелерін әлі күнге дейін әзірлемеген.
"Осы өзекті мәселелерді реттемейінше, бізде бағаның шарықтауы сұйытылған газға ғана емес, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көптеген түрінен байқалатын болады. Түптеп келгенде, бұдан қарапайым тұтынушы зардап шегеді", - деді депутаттар.
2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін қымбаттағаны себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Маңғыстау облысында басталған наразылықтар елдің өзге өңірлерінде де жалғасты. Артынша Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.
4 қаңтар кешке жағдай күрделеніп, Алматыдағы наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратты. Жағдай ушыққан соң қаладағы тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылыққа шыққандар қаладағы үлкен көшелермен жүріп, қала әкімдігі ғимаратына дейін барды. Ол жерді арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алған.
5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Ел үкіметі отставкаға кетті
Ел ішінде наразылық болып жатқанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды.
"Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.
5 қаңтарда президент үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.
Қазақстан премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.
Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.