https://sputnik.kz/20220104/Kayrat-Nurtas-19046770.html
"Батыстағы ағайынды қолдаймын": Қайрат Нұртас үкіметке өтінішін жеткізді
"Батыстағы ағайынды қолдаймын": Қайрат Нұртас үкіметке өтінішін жеткізді
Sputnik Қазақстан
"Қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес" деп жазды әлеуметтік желіде Нұртас 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T14:19+0500
2022-01-04T14:19+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қайрат нұртас
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
https://sputnik.kz/img/1005/59/10055911_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_5dd21f663f1423aa653e0eb788e182cb.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Әнші Қайрат Нұртас Ақтауда болған оқиғадан кейін желіде жазба жариялады.Маңғыстау облысында наразылық білдірушілер Қайрат Нұртас отырған автокөліктің жолын жауып тастағаны туралы ақпарат тараған еді. Әнші әуежайға қарай бара жатқан. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.Видео авторы Қайрат Нұртастың сыртқа шығуын талап етіп, "кім болсаң да, халықтың мұңын жеткіз" деп пәрмен береді. Желідегі видеода әншінің көлік ішінде отырғаны анық көрінеді, алайда Қайрат Нұртас көліктен шықпайды. Көлік артқа қарай жүріп, ол жерден кетіп қалады.Сондай-ақ видео авторы "кіруге де, шығуға да жол жоқ" деп мәлімдейді. Ал оның алдында әлеуметтік желіде облыс тұрғындары Ақтау халықаралық әуежайына апаратын жол жабық екенін хабарлады.Айта кетері, әнші Қайрат Нұртас 3 қаңтарда Rixos Aktau-да өткен концерттен видео жариялады. Ал әлеуметтік желі қолданушылары әншінің үнемі осындай қызу талқыланатын оқиға ортасында жүретінін жарыса жазып жатыр.Содан кейін Қайрат Нұртас Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылыққа шыққан тұрғындарға қатысты ойын білдірді.Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев тез арада оң шешімін шығаратынына сенім білдірді.Маңғыстаудағы наразылықЕкінші қаңтарда Сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне наразы Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты.Оған автокөлікке жанармай құю үшін газдың құны екі есеге – литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Тұрғындар бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.Қазақстанның энергетика министрлігі газ бағасын енді сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастыратынын түсіндірді. Әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды. Жеке кәсіпкерлер тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері туындаған жағдайда, бәсекелестікті қорғау агенттігінің департаменті әкімшілік шаралар қабылдайды.3 қаңтарға қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырғанын жазды. 4 қаңтарда құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін хабарлады.Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді, деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1005/59/10055911_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_0c05dca18e63a2fea96ba27da4123f89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайрат нұртас, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қайрат нұртас, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
"Батыстағы ағайынды қолдаймын": Қайрат Нұртас үкіметке өтінішін жеткізді
14:19 04.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) "Қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес" деп жазды әлеуметтік желіде Нұртас
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Әнші Қайрат Нұртас Ақтауда болған оқиғадан кейін желіде жазба жариялады.
Маңғыстау облысында наразылық білдірушілер Қайрат Нұртас отырған автокөліктің жолын жауып тастағаны туралы ақпарат тараған еді. Әнші әуежайға қарай бара жатқан. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.
Видео авторы Қайрат Нұртастың сыртқа шығуын талап етіп, "кім болсаң да, халықтың мұңын жеткіз" деп пәрмен береді. Желідегі видеода әншінің көлік ішінде отырғаны анық көрінеді, алайда Қайрат Нұртас көліктен шықпайды. Көлік артқа қарай жүріп, ол жерден кетіп қалады.
Сондай-ақ видео авторы "кіруге де, шығуға да жол жоқ" деп мәлімдейді. Ал оның алдында әлеуметтік желіде облыс тұрғындары Ақтау халықаралық әуежайына апаратын жол жабық екенін хабарлады.
Айта кетері, әнші Қайрат Нұртас 3 қаңтарда Rixos Aktau-да өткен концерттен видео жариялады. Ал әлеуметтік желі қолданушылары әншінің үнемі осындай қызу талқыланатын оқиға ортасында жүретінін жарыса жазып жатыр.
Содан кейін Қайрат Нұртас Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылыққа шыққан тұрғындарға қатысты ойын білдірді.
"Қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес. Дәл қазіргі жағдайда мен Батыстағы ағайынды қолдаймын. Себебі халықтың арасында жүргендіктен, Қайрат Нұртас болып қалыптасуымның себепкері халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан "Халық – Алланың аманаты" екенін ұмытпауын сұраймын!", - деп жазды Қайрат Нұртас инстаграм-парақшасында.
Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев тез арада оң шешімін шығаратынына сенім білдірді.
Екінші қаңтарда Сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне наразы Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты.
Оған автокөлікке жанармай құю үшін газдың құны екі есеге – литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Тұрғындар бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Қазақстанның энергетика министрлігі газ бағасын енді сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастыратынын түсіндірді. Әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды. Жеке кәсіпкерлер тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері туындаған жағдайда, бәсекелестікті қорғау агенттігінің департаменті әкімшілік шаралар қабылдайды.
3 қаңтарға қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырғанын жазды. 4 қаңтарда құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін хабарлады.
Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді, деді президент.