Қоғам

Үйректі құтқару, мастарды ұстау: полиция жұмыстағы қызықты сәттерін жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Жазылу
Құстарды құтқару үшін полиция жолдағы көліктерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Елордалық полицейлер 2021 жылдағы жұмыс күндерінің қызықты эпизодтарын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

Қызықты және күлкілі жағдайлардан құралған бейнероликті үйректің отбасын құтқару сынды ерекше операция да қамтылды. Елорда тұрғыны "102" арнасына жүгінген. Мәлім болғанындай тұрғынның үйрегі мен оның балалары жолды кесіп өтпек болғанда жолдың ортасында қалып қойған.
Құстарды құтқару үшін полиция жолдағы көліктерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Үйректер Есіл өзеніне жіберілді.
Сондай-ақ мас күйіндегі азаматтардың қатысуымен де көптеген қызықты жағдайлар орын алған.
Мысалы, сәуір айында таңертең полиция қызметкерлері автотиегішті жүргізіп бара жатқан мас қызды ұстаған. Қыз "ZL – 30" тиегішін ұрлап, жол апатын жасаған. Түнгі уақытта аталған көліктің жүргізушісі дос қызын үйіне шақырады. Отырыста ер адам ішімдік ішіп, мас болып қалады. Содан ол ер адамның ұйықтап қалғанын күтіп,  жүк тиегішті айдап кетеді. Көлікті айдап әкеткен ханымды полицейлер тоқтатты.
Осындай жағдайлардың бірі Есіл өзені бойында орын алған, жағалауда жалаңаш велосипедпен серуендеп жүрген ер адам жаяу жүргіншілердің назарын өзіне аударған. Белгілі болғанындай, ол түнде досымен ішімдік ішкеннен кейін салқындау үшін суға түседі, алайда судан шыққанда киімдерінсіз қалған. Танысы оның заттарын алып белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Полиция қызметкерлері кезекті мас жүргізушіні ұстайды. Едәуір мас хәлде болған жүргізуші қуанышын жасырмай ұлды болғанын айтады. Ұлды болған әкенің орташа мас күйде болғаны анықталған.
Сондай-ақ полицейлер әлеуметтік желіге видео түсірмек болып, қауіпті іске барған жасөспірімдерді ұстады. Мәлім болғанындай, олар панорамасы керемет бейнеролик түсіру үшін Нұр-Сұлтандағы көпірдің аркасына көтерілген.
Оқи отырыңыз: Жедел шешім қабылдаған полицей әйелді ажалдан алып қалды – видео
 
Жаңалықтар
0