Қоғам

Қазақстанда утилизациялық алым өседі

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2022
Жазылу
Утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішке байланысты өседі. Биыл АЕК мөлшері тағы ұлғайды
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 2022 жылы утилизациялық алым артады.
Республикада 2016 жылдан бері автокөлікті елге кіргізу үшін міндетті утилизациялық алым төленеді.
Утилизациялық алымды автоөндірушілер, ресми импорттаушылар және Қазақстанға көлік кіргізгісі келетін жеке тұлғалар төлеуге міндетті. Алым техниканы есепке қойғанға дейін төленеді.
Экология министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін өндірушілерден 614 миллиард 488 миллион теңге утилизациялық алым түскен.
Утилизациялық алымды есептеу үшін коэффициентті (қозғалтқыш көлемі мен көлік категориясына байланысты) базалық ставкаға (мөлшері АЕК-ке байланысты) көбейтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ресейлік нөмірі бар көлікті тіркеуге қоймаса не болады
Базалық ставка 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 2022 жылы 1 АЕК 3 063 теңгеге тең. Осылайша 2022 жылы базалық ставканың мөлшері 153 150 теңге деңгейінде белгіленді.
Мәселен, 2022 жылы жеңіл автокөлік үшін (қозғалтқыш көлемі 1 000 см3) утилизациялық алым 459 450 теңге, ал қуаты 400 ат күшіне тең комбайн үшін 13 783 500 теңге болады.
Бірінші қаңтардан бастап Қазақстанда күшіне енетін маңызды өзгерістер жайлы мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
0