https://sputnik.kz/20211229/asker-qorganys-ministrligi-19015106.html
Әскерге шақырылғандарға іздеу салынды: видеоға қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
Әскерге шақырылғандарға іздеу салынды: видеоға қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Рейдтер әскерге шақырылған адам уақытында келіп, тіркеуге тұрмаған кезде өткізіледі, деді вице-министр 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T11:53+0500
2021-12-29T11:53+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бейнероликте әскерилер мен құқық қорғаушылар ойын-сауық орындарын аралап, әскерге шақырылған азаматтарды анықтап жүр. Рейд кезінде жастардың жеке құжаттары тексеріледі."Ондай рейдтер көп жағдайда әскерге шақырылған адам уақытында келіп, тіркеуге тұрмаған кезде болып жатады. Заң бойынша тиісті рәсімдер бар. Содан өту керек. Әрине, жергілікті әскери органдарға нақты міндет жүктелген. Олар сол қызметтік міндетін орындайды", - деді Тұяқов журналистерге берген сұхбатында.Министрдің орынбасары цифрландыру аясында ақпараттық базаларды интеграциялау жұмыстары атқарылып жатқанын да еске салды. Соның арқасында шұғыл шешімдер қабылданып, қысқа уақыттың ішінде тексерістер басталады."Цифрландырудың арқасында әскери басқармамыз жақсы жұмыс істей бастады", - деп атап өтті Тұяқов.Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде әскерге шақырылғандарды анықтауға арналған рейдтің видеосы тараған болатын.Оқи отырыңыз: Әскерилерді баспанамен қамту жүйесіне өзгеріс енгізіледі – заң жобасы мақұлданды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Әскерге шақырылғандарға іздеу салынды: видеоға қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
11:53 29.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Рейдтер әскерге шақырылған адам уақытында келіп, тіркеуге тұрмаған кезде өткізіледі, деді вице-министр
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бейнероликте әскерилер мен құқық қорғаушылар ойын-сауық орындарын аралап, әскерге шақырылған азаматтарды анықтап жүр. Рейд кезінде жастардың жеке құжаттары тексеріледі.
"Ондай рейдтер көп жағдайда әскерге шақырылған адам уақытында келіп, тіркеуге тұрмаған кезде болып жатады. Заң бойынша тиісті рәсімдер бар. Содан өту керек. Әрине, жергілікті әскери органдарға нақты міндет жүктелген. Олар сол қызметтік міндетін орындайды", - деді Тұяқов журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің орынбасары цифрландыру аясында ақпараттық базаларды интеграциялау жұмыстары атқарылып жатқанын да еске салды. Соның арқасында шұғыл шешімдер қабылданып, қысқа уақыттың ішінде тексерістер басталады.
"Цифрландырудың арқасында әскери басқармамыз жақсы жұмыс істей бастады", - деп атап өтті Тұяқов.
Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде әскерге шақырылғандарды анықтауға арналған рейдтің видеосы тараған болатын.