Қоғам

Вакцина алғандарға арналған "мобильді крематорий" туралы ақпарат тарап жатыр

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Инсинератордың ішкі құрылғысы жұмысының видеосын өндірушінің ресми YouTube арнасынан көруге болады
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Желіде "Қазақстанда мобильді крематорийлер іске қосылды" деген мәлімет тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды stopfake.kz.
"Суретке мәйіт өртейтін крематорий емес, ресейлік "Турмалин" компаниясы жасаған ИН-50.1К инсинераторы түсірілген. Ол қауіпті биологиялық қалдықтарды жою үшін арнайы жасалған", - деп жазылған хабарламада.
Құрылғы алғаш рет 2011 жылы Ленэкспо көрмесінде ұсынылған.
"Содан бері "мобильді крематорий" суреттері желіде кеңінен тарады. Инсинератордың ішкі құрылғысы жұмысының видеосын өндірушінің ресми YouTube арнасынан көруге болады", - деп жазылған ақпаратта.
Суреттің Қазақстанға қатысы жоқ. Таратылған фото 2015 жылы немесе одан бұрын Ресейде түсірілген.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0