https://sputnik.kz/20211212/Atyrau-oblysy-Khamenova-18883745.html
Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменова үйқамаққа алынды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменова үйқамаққа алынды
Sputnik Қазақстан
Тергеудің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмады 12.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-12T19:51+0500
2021-12-12T19:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/171/58/1715823_0:24:1100:646_1920x0_80_0_0_c82495d6474d688f78b408d112007e9a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты изоляторда отырған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберуге рұқсат берді. Тергеудің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмады.Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі "Қомақты көлемде пара алу" бойынша тергеліп жатыр, деп жазды "Ақ Жайық".Егер Хаменованың кінәсі сотта дәлелденсе, параның 60 еселенген көлемінде айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Бұған дейін күдіктіні Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері ұстағаны хабарланған болатын.Бақытгүл Хаменованың өмірбаяныАтырау қаласында 1981 жылы туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант; Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты.1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.2004-2005 жылдары "Рахат ТВ" Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.2016 жылғы 24 наурыздан бастап 2020 жылдың 13 наурызна дейін – алтыншы сайланған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты.2020 жылдың 13 наурызынан бастап – Атырау облысы әкімінің орынбасары.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/171/58/1715823_0:0:1100:691_1920x0_80_0_0_67891c420289c0125ac1714735f57369.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменова үйқамаққа алынды
19:51 12.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тергеудің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмады
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты изоляторда отырған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберуге рұқсат берді. Тергеудің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмады.
Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі "Қомақты көлемде пара алу" бойынша тергеліп жатыр, деп жазды
"Ақ Жайық".Егер Хаменованың кінәсі сотта дәлелденсе, параның 60 еселенген көлемінде айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін күдіктіні Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері ұстағаны хабарланған болатын.
Бақытгүл Хаменованың өмірбаяны
Атырау қаласында 1981 жылы туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант; Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты.
1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.
2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2004-2005 жылдары "Рахат ТВ" Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.
2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап 2020 жылдың 13 наурызна дейін – алтыншы сайланған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап – Атырау облысы әкімінің орынбасары.