https://sputnik.kz/20211210/Altyn-alqa-Kumis-alqa-jardemaqy-18872047.html
"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгертілді
"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгертілді
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта алу үшін SMS-хабарламаға жауап беріп, банк шотын растау керек 10.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-10T09:50+0500
2021-12-10T09:50+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
алтын алқа
күміс алқа
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703956_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_9537e8ed68ff0c2cb7f6200e3e45a49a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында 2019 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алуға мүмкіндік берілді. Әйелдер кезекте тұрмайды, мемлекеттік қызметті өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады.Ведомство ақпаратынша, осы өзгерістердің арқасында биыл проактивті қызмет алған көпбалалы аналар саны екі есе – 9 мың адамға дейін өсті.Айта кетері, "Алтын алқа" жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі. Ал "Күміс алқамен" алты баласы бар аналар марапатталады."Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне табысына қарамастан ай сайын 6,4 АЕК мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2022 жылы оның мөлшері 19 603 теңгеге тең болады.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703956_302:0:2553:1688_1920x0_80_0_0_73af8b514304f1bb177c9102a3cd2d66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын алқа, күміс алқа, жәрдемақы
алтын алқа, күміс алқа, жәрдемақы
"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгертілді
09:50 10.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта алу үшін SMS-хабарламаға жауап беріп, банк шотын растау керек
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында 2019 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алуға мүмкіндік берілді. Әйелдер кезекте тұрмайды, мемлекеттік қызметті өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады.
"Көпбалалы ана бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен түседі", – деді вице-министр.
Ведомство ақпаратынша, осы өзгерістердің арқасында биыл проактивті қызмет алған көпбалалы аналар саны екі есе – 9 мың адамға дейін өсті.
Айта кетері, "Алтын алқа" жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі. Ал "Күміс алқамен" алты баласы бар аналар марапатталады.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне табысына қарамастан ай сайын 6,4 АЕК мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2022 жылы оның мөлшері 19 603 теңгеге тең болады.