Қоғам

23 жастағы қазақ жігіті әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне енді

© Photo : Facebook / Алдияр СемедьяровАлдияр Семедьяров
Алдияр Семедьяров - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Алдияр Семедьяров - "Менса" халықаралық қауымдастығының мүшесі. Осы ұйымға әлем бойынша ең жоғары интеллект коэффиценті бар адамдар кіреді
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. 23 жастағы Алдияр Семедьяровтың IQ коэффиценті әлемдегі 99 процент адамнан жоғары болып шықты. Векслер шкаласымен тест нәтижесі 135-ке жетті, деп хабарлайды  "Лада" порталы.
Қазіргі кезде Алдияр "Менса" халықаралық қауымдастығына кіреді. Оған әлем бойынша ең жоғары интеллект коэффиценті бар адамдар ғана мүше бола алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aldiyar Semedyarov 🇰🇿🇨🇭 (@semedyarov)

2016 жылы Алдияр "Менса" туралы алғаш рет естіді. Сол кезде әлемнің ең ақылды адамдар тізіміне алғаш рет қазақ баласы - Димаш Әділет қосылған.
"Мектепте үздік оқыдым. Сонда IQ-ға ресми тест тапсырғым келді. Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанда ондай тест болмай қалды. Содан бері бес жыл өтті", – дейді Семедьяров.
Екі ай бұрын Алдияр онлайн режимде IQ-тестін ресми түрде тапсырды. 45 тапсырмаға 20 минут біріледі. Ал бір аптадан кейін "Менсадан" жауап келді. Ұйым өкілдері оны өз қатарына қосқанын жазды. Алдиярдың интеллект коэффиценті Векслер шкаласы бойынша 135 болып шыққан. Бұл көрсеткіш жер-жаһандағы 99 процент адамның ақыл-ойынан жоғары болып тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aldiyar Semedyarov 🇰🇿🇨🇭 (@semedyarov)

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Aldiyar Semedyarov 🇰🇿🇨🇭 (@semedyarov)
Алдияр – физикадан республикалық олимпиадалардың жүлдегері. Назарбаев университетінде оқып жүргенде Work&travel бағдарламасымен АҚШ-ға барып қайтты. University at Buffalo-да жазғы семестрде болды. Сондай-ақ, Германиядағы Leibniz University of Hannover-де зерттеу тағылымдамасынан өтті.
2020 жылы Швейцариядағы ETH Zurich федералдық технологиялық институтына "Электр инженериясы" мамандығы бойынша магистратураға түсті.
"Маған мотивация беретін бір сөз бар. "Сенің қазіргі өмірің – ол бір жыл бұрын жасаған жұмыстың нәтижесі. Бір жылдан кейінгі өмірің қазіргі әрекетіңнің нәтижесі", – дейді Алдияр.
Жаңалықтар
0