Қоғам

Үш баласын бірнеше күн суық үйде қалдырған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхивное фото силуэта женщины на фоне окна
Архивное фото силуэта женщины на фоне окна - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Екі бала Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал  үш жасар бүлдіршін балалар үйіне орналастырылды
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында үш баласын суық үйге тастап кеткен әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
27 қарашада Бесқарағай аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы “қолайсыз отбасы” санаты бойынша есепте тұрғандарды тексеру барысында үйде қараусыз қалған үш балаға тап болды.
© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіКәмелетке толмаған екі бала Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
ШҚО-да үш баласын суық үйге тастап кеткен ананы ата-ана құқығынан айыруы мүмкін   - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Кәмелетке толмаған екі бала Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Тоғыз, жеті және үш жастағы кәмелетке толмаған балалар бірнеше күн үйде жалғыз болған. Олар пеші бірнеше күн бойы жағылмаған суық үйде отырған.  Анасы үйге мас күйде оралды.
Кәмелетке толмаған екі бала Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал  үш жасар бала Семей қаласының балалар үйіне орналастырылды.
© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіҮш баланың анасы үйге мас күйде оралды.
ШҚО-да үш баласын суық үйге тастап кеткен ананы ата-ана құқығынан айыруы мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Үш баланың анасы үйге мас күйде оралды.
Әйелдің әрекетіне қатысты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия бірнеше рет әңгіме өткізген. Одан тиісті қорытынды жасамаған жалғызбасты анаға қатысты оны ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтеріліп отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0