16:47 27 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.34
  • EUR490.24
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
602 0 0

Әдетте тергеу изоляторындағы туған-туыстары мен жақындарына тыйым салынған заттарды өткізу үшін түрлі әдістер қолданылады

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Түрмедегі інісіне темекімен бірге таблетка тасыған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан інісіне темекінің арасына жасырып, апиын тектес дәріні өткізбекші болған жігіт ұсталды. 

Көлемі мен сыртқы пішін дәріге ұқсас наша сұранысқа ие. Оны тасымалдаған жігіттің есімі - Мәлік екені анықталды. Оның інісі осы жылдың қазан айында Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін тұтқындалған болатын.

Әдетте тергеу изоляторындағы туған-туыстары мен жақындарына тыйым салынған заттарды өткізу үшін түрлі әдістер қолданылады.

Көбі тыйым салынған заттарды етіктің ұлтанына тығып әкеледі, нанның арасына салады, конфеттің немесе шәйдің қорабына жасырады.

Алайда бақылаушылардың жіті тексеруі арқасында тыйым салынған заттар тұтқындарға жетпейтіні белгілі. Осы жолы да “LD” темекісінің арасына мұқият жасырған апиын бақылаушылар назарынан тыс қалмады.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
Алматы, наша, түрме
Загрузка...

Басты тақырып