17:47 27 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.34
  • EUR490.24
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
955 0 0

Халықаралық байқауды ұйымдастырушылар қазақстандық арумен өздері байланысқа шығып, оның кастингтен өткенін хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Бір күнде танымал болып кеткен сылақшы-әнші Гүлмайдан Серікбай (Дана) Asia's Got Talent халықаралық байқауына қатысады. Ұйымдастырушылар Гүлмайданмен өздері байланысып, оның кастингтен өткенін хабарлаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

Бұл жаңалықты блогер Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында бөлісті.

"Ақын Олжас Отар Дана орындайтын әннің сөзін жазып беретінін айтты. Ең кереметі – "Аsia's Got Talent" жобасының ұйымдастырушылары Данамен өздері байланысып, кастингтен өткенін хабарлапты. Ең қызығы – Аsia"s Got Talent шоуының ұйымдастырушылары Данамен өздері байланысып, оның кастингтен өткенін жеткізді. Енді ол халықаралық додада бақ сынап көреді!" – деп жазды ол.

Дәулет Мұқаев қазіргі уақытта Данаға сахна киімін тіктіру үшін отандық дизайнерлермен келіссөз жүргізіп жатқанын айта кетті.

Сонымен қатар Дана әнші Сәкен Майғазиевтің қолдауымен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы оқуын жалғастырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

Еске сала кетейік, ән шырқап жатқан сылақшы қыздың видеосы Қазнетте кеңінен таралып кетті. Бойжеткенді құрбысы әрі құрылыстағы әріптесі түсіріп алған.

Asia's Got Talent – бұл Саймон Коуэлл құрған Got Talent жаһандық франшизаның бір бөлігі саналатын Азиядағы телевизиялық таланттар шоуы.

Оқи отырыңыз: "Жұлдыздардан 100 есе артық": сылақшы әйел желіде танымал болды – видео 

Кілт сөздер:
шоу, әнші, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып