Қоғам

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған экс-депутат ақталып шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековБумажная деловая папка, архивное фото
Бумажная деловая папка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Аркадий Ни бір жыл бұрын кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында сот облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Аркадий Ниді ақтады. Оған кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылған еді. Сот Ниге жала жабылғанын анықтады.
30 қарашада өткен сот отырысында ақтау үкімі шығарылды, деп жазды "Диапазон" басылымы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотқа сілтеме жасап.
Сот сараптамасы жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғанын дәлелдейтін бірде-бір объективті айғақ таппаған. Аркадий Ни жаланың құрбаны болды.
Сот анықтағандай, қыздың анасы танысы арқылы кәсіпкерге шығып, ақша алу үшін оны ауыр қылмыс жасады деп айыптаған. Бұған қоса, әйел өз қызын депутат оны зорлады, қысым көрсетті деп айтуға мәжбүрлеген. Сотта қыз оны ешкім зорламағанын мәлімдеді.
Осылайша депутат пен оған көмектесті деп айыпталған әйел толығымен ақталып шықты.
Ал қыздың анасы баласын қылмысқа итермелеп, жала жапқаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының кішкентай баласы барын ескеріп, жаза тек бес жылдан кейін орындалады.

Аркадий Нидің ісі

Аркадий Ни былтыр желтоқсан айында ұсталды. Айыптау нұсқасына сүйенсек, ол кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны зорлап, сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған. Экс-депутат ұсталғаннан кейін Nur Otan партиясынан шығарылды.
Оқи отырыңыз: Nur Otan ұсталған депутатты партия қатарынан шығарып тастады

Бұрынғы депутат жайлы не білеміз

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" сайтында Аркадий Ни 1961 жылы 25 наурызда Фрунзе қаласында, қазіргі Бішкекте туды деп көрсетілген. 1966 жылдан бері Қазақстанда тұрады. Облыстық мәслихат депутаты ретінде "ол өз округының материалдық базасын нығайтуға зор үлес қосқаны, өзіне дауыс берген тұрмысы төмен отбасылар мен ардагерлерге үнемі материалдық көмек көрсеткені" айтылған.
Аркадий Нидің ірі "Рокос" компаниясы бар, сондай-ақ ол теннис федерациясының филиалын басқарады. Ақтөбеде Батыс 2 шағын ауданында теннис орталығын салған.
Жаңалықтар
0