Қоғам

"Үйіне тұз үйіп, қарғыс айтады": Таразда түсірілген видеоның мән-жайы белгілі болды

© SputnikСоль. Архивное фото
Соль. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
Қалалық полиция департаменті ол әйелдің Ұлбике ақын көшесінде тұратынын растады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде үйіне тұз үйіп қойған әйелдің видеосы тарап жүр. Көршілері әйелдің психикалық ауытқуы бар екені айтып, оған қатысты шара қолдануды сұраған.

Полиция департаменті тараздықтың әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода ер адам үйдің ішін түсіріп жүр. Бөлмеде тұз үйіліп жатыр. "Мына тұзды қай жақтан алдыңыз?" деп сұрағанда үйдің иесі сатып алдым дейді.

"Бізде көршіге қатысты бір проблема бар. Ол психикалық диспансерде тіркеуде тұр. Зейнетақы алады. Сол ақшаға тұз, ішімдік пен темекі сатып алады. Сосын күні-түні қарғыс айтумен айналысады. Бармаған жеріміз жоқ. Бұл проблема шешілмей жатыр. Туған-туыстары да байланысқа шықпайды. Осы үйде тұратындар балалар үшін қорқады", - делінген видео анықтамасында.

Қалалық полиция департаменті ол әйелдің Ұлбике ақын көшесінде тұратынын растады. Алайда көршілер тарапынан ешқандай арыз түскен жоқ деп отыр.

"102-ге ешқандай арыз түспеді. Иә, ол психикалық диспансерде тіркеуде тұр. Ауруы бар, бірақ тыныш жүреді. Бұрын қала орталығында тұрған. 3-4 жыл бұрын туған-туыстары Ұлбике ақын көшесінен пәтер алып берген. Сол жерде жалғыз өзі тұрады", - дейді полицейлер.

Видео түсірілген күні учаскелік инспекторлар өздері сол үйге барды. Онда тұратын әйел қайтадан психикалық диспансерге жабылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0