Қоғам

"Қолма-қол ақша ғана алыңыздар!": министрлік желідегі видеоға түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевКарточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
Комитет жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адам салық салу бойынша өзіне ыңғайлы режим таңдай алатынын еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде такси жүргізушілерін мобильді аударымнан бас тартып, қолма-қол ақша алуға шақыратын видео тарады. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

​Ресми ақпаратқа сәйкес, салық заңнамасына енгізілген өзгерістер жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік төлемдерден бөлуді көздейді. Талқылауға бизнес қауымдастық та, банктер де қатысқан.

"Бұл бастамалардың мақсаты - бизнесті цифрлық кеңістікте дамыту. Барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдаудың қажеті жоқ. 2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарланып отыр. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды", - дейді комитет мамандары.

Осы орайда комитет жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адам салық салу бойынша өзіне ыңғайлы режим таңдай алатынын еске салды. Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Ондай режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады.

Бұдан бөлек, бүгінде бірнеше мобильді қосымша бар. Кәсіпкер соның көмегімен онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп, заңды түрде пайдалана алады.

"Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған. Қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған болатын. Сондықтан, құрметті кәсіпкерлер, арандатушылыққа бой алдырмай, уәкілетті органдардың ресми ақпаратына ғана сенуге шақырамыз", - дейді мамандар.

Жаңалықтар
0