Қоғам

Вице-министр қанша адам ревакцинация жасағанын айтты

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
Коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталды, ол екі кезеңде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қанша адам ревакцинация жасағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі күні ревакцинация жасаған адамдардың саны 9 412 адамды құрады", - деді Шоранов үкімет отырысында.

Вице-министр коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталғанын еске салды.

Ревакцинация екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңде:

  • медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері;
  • 60 жастан асқан адамдар;
  • өз бетінше зерттеуден өткен және антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар.

Екінші кезеңде:

  • вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар қамтылады.

Оқи отырыңыз: Мамин вакциналау жайлы: ұжымдық иммунитет үшін әлі жеткіліксіз

Жаңалықтар
0