17:26 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
76 0 0

Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей президентіне көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы "Листвяжная" шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

25 қарашада Белово қаласына қарасты Грамотеинский кентінде орналасқан шахтада 250 метр тереңдікте түтін шықты. 285 кеншінің 239-ы сыртқа шығарылды. 11 кенші көз жұмды, тағы 36 кеншіні іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Кілт сөздер:
шахта, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып