16:09 09 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.46
  • EUR490.29
  • RUB5.90
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр, деді елорда әкімі

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қала әкімі президентке әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, газбен қамту, инвестиция тарту, үлескерлік құрылыс нысандарын салуды аяқтау жұмыстары жөнінде айтты.

Алтай Көлгіновтің мәліметінше, биыл жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспаналар, білім беру ошақтары мен басқа да әлеуметтік нысандар саны рекордтық деңгейге жеткен.

"2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер салынса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін жеткен. 2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл пайдалануға берілген 15 мектеп 40 мыңға жуық оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. Келесі жылы тағы да 16 мектеп салу жоспарланған", - делінген Көлгіновтің президентке берген ақпаратында.

Кездесу барысында мемлекет басшысына эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары және елордада жүргізіліп жатқан вакциналау жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, тұрғын үй, баспана
Загрузка...

Басты тақырып