18:10 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
11910

Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған

АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Ақмола облысында қаржы пирамидасының белгілері бар River Coins Limited компаниясы анықталды.

"Қаржы мониторингі агенттігі Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері River Coins Limited компаниясына қатысты 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін ақшаны заңсыз тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеруді бастады", - делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Тергеу компанияда спираль қағидаты бойынша төлемдер жүйесі бар екенін анықтады.

Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған.

River Coins Limited компаниясы Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген, банк операцияларын жасауға – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаты жоқ.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Тренинг деп шақырып, қаржы пирамидасына тартатын компания анықталды – видео

WhatsApp-та чат ашқан түркістандық әйелдің қылмысы әшкереленді

Қаржы пирамидасынан зардап шеккендерге 2,3 миллиард теңге қайтарылды

Кілт сөздер:
қаржы пирамидасы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып