Қоғам

"Қазақстан аруы – 2021" ұлттық байқауының финалы басталды – видеотрансляция

© Sputnik / СтрингерКонкурс "Мисс Казахстан 2021"
Конкурс Мисс Казахстан 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Биылғы байқауда "Қазақстан аруы" тәжі үшін 28 қатысушы бақ сынайды

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Алматыда "Қазақстан аруы – 2021" ұлттық байқауының финалы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биылғы байқауда "Қазақстан аруы" тәжі үшін 28 қатысушы бақ сынайды. Оның ішінде өңірлерден іріктеліп шыққан жеңімпаздар мен талант, спорт, қайырымыдылық және сән әлеміне қатысты титулдарды жеңген қатысушылар бар.

Байқаудың финалына шыққан арулардың фотосын мына жерден көруге болады.

Қатысушылар қандай өнер көрсетеді

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, қатысушылар Алматыға финалға дайындық үшін қарашаның басында келді. Қатысушыларды ТМД жұлдыздарымен жұмыс істейтін фотограф Марета Келигова фотоға түсірді. Дайындық кезінде қатысушылар Алматыға экскурсия жасап, қаланың басты көрікті жерлерімен танысты.

"Финалда Қазақстанның ең сұлу қыздары ARUNAZ отандық сән үйінің киімдері мен Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шығады. Ұлттық, кешкі көйлектерден бөлек, көрермендерге таланттар шоуы ұсынылады", - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Биыл финалда қатысушылар төрт нөмірді сахнаға алып шығады. "Алматы аруы" Асият Исембаева "Кербез" ұлттық биін орындайды, "Астана аруы – 2019" Айзада Хабиболаева прима-қобызда Антонио Вивальдидің "Шторм" композицясын сахнаға алып шығады. Ал "Астана аруы – 2021" Айдана Ахантаева пианинода Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнін орындайды.

Sputnik Қазақстан сұлулық байқауының ақпараттық серіктесі және байқаудан шығып қалған 19 жастағы Полина Филимоноваға финалға қатысуға мүмкіндік сыйлады. Осылайша көкшетаулық бойжеткен финалда "Көзімнің қарасы" әнін қазақ тілінде орындайды.

Арулардың өнерін кім бағалайды

Қазылар алқасының төрағасы – виртуоз скрипкашы, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев.

Сондай-ақ арулардың өнерін әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы - 2013" Айдай Исаева, актер Тәуекел Мүсілім, баспагер Виктория Момынбаева, Effective Media Liaison басшысы Сұңқар Қарабалин, "Қазақстан Аруы" байқауының әлеуметтік-қайырымдылық жобаларының директоры Совет Сейітов, "Қазақстан Аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Қырбасова, Almaty fashion week негізін қалаушы Алексей Чжен бағалайды.

Жеңімпаз қалай анықталады

Байқау барысында 15 қатысушы іріктеледі. Оның ішінде 13 қатысушыны әділқазы алқасы таңдаса, бір қатысушы – таланттар байқауының жеңімпазы, тағы бір қатысушы missqazaqstan.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы таңдалады.

Одан кейін Гранд финалға бес қыз өтеді. Оларды әділқазы алқасы таңдайды. Артынша тікелей эфир арқылы тағы бір рет дауыс беріледі. Гранд финалға шыққан бес қыздың ішінен қазақстандықтар тікелей эфир кезінде жеңімпазды таңдайды.

Байқау жеңімпазына ақшалай сыйлық беріледі, ол көптеген люкс брендпен жарнама келісімшартын жасасады. Байқау биыл жиырма бесінші рет өткізіліп жатыр. Соған байланысты гранд финалға шыққан қыздарға 25 жылдыққа орай ерекше сыйлықтар табысталмақ.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0