Қоғам

Қазақстанда хакерлер банкті тонап кетті – тергеу басталды

© Photo : Pixabay /WolfsribРука на клавиатуре ноутбука, иллюстративное фото
Рука на клавиатуре ноутбука, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Полицияға банктің өкілі арызданған. Хакерлер жеке тұлғалардың мәліметтер базасына кіріп, ақшаны жалған есепшотқа аударып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Белгісіз біреулер екінші деңгейлі банктің мәліметтер базасын бұзып, бес адамның есепшотында жатқан ақшаны басқа жерге аударып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде осы іске қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды.

Ресми мәліметке сәйкес, полицияға банктің өкілі арызданған. Оның айтуынша, хакерлер жеке тұлғалардың мәліметтер базасына кіріп, ақшаны жалған есепшотқа аударып қойған.

Шығынның көлемі айтылмай отыр.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды. Ақмола облысы полициясының криминалдық басқарма қызметкерлері оны "Hi-tech" шұғыл алдын алу шарасы аясында қолға түсірген", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-тармағы бойынша (Алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Оқи отырыңыз: 

 

 

Жаңалықтар
0